
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 105 бұйрығымен «Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сапасына бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-282/2020 бұйрығына өзгерістер енгілді.
Енді, әкелінетін дәрілік заттарды декларациялау кезінде құжаттарға сараптама жүргізу үшін Гаага Конвенциясының талаптарына сәйкес өнім өндіру кезінде қолданыста болатын PDF форматындағы тиісті өндірістік практика сертификатының (GMР) нотариат куәландырған немесе апостильденген көшірмесі немесе өндірушіден ағымдағы мәртебесі бар декларация GMP АҚШ Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сайтында (FDA) және уәкілетті орган берген GMP талаптарына сәйкестік сертификаттарының тізілімі сайтының мекен – жайы (бар болса) – қазақ немесе орыс тіліндегі (құжатты шет тілінде ұсынған кезде) аудармасымен қамтылған құжаттарды қамтамасыз ету қажет.
ҚР аумағында өндірілген дәрілік заттарға құжаттар сараптама жүргізу үшін-өндірістік алаңның Қазақстан Республикасының GMP талаптарына сәйкестігін растайтын құжат және уәкілетті орган берген GMP талаптарына сәйкестік сертификаттарының тізілімі сайтының мекен-жайын қамтамасыз ету қажет.
Өзгерістер тек дәрі-дәрмектерге арналған құжаттамаға қатысты болды. Медициналық бұйымдар үшін тізім өзгеріссіз қалады.
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032718