«МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР (КӨМЕК) САПАСЫНА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САРАПТАМАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

«МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР (КӨМЕК) САПАСЫНА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САРАПТАМАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ  БҰЙРЫҒЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

«Таза парақтан» реттеу жобасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 104 бұйрығымен «Медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-230/2020 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұйрықтың жаңа редакциясында Пациентті қолдау қызметінің және ішкі сараптаманың (қызметтің) медициналық көмектің қолжетімділігі мен уақтылығы, емдеудің клиникалық хаттамаларын және медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтау жөніндегі ұсынымдарды орындау бөлігінде сыртқы сараптаманың қорытындылары бойынша жұмыс жүргізу жөніндегі міндеттері баяндалды.

Қолданыстағы бұйрыққа сәйкес клиникалық аудит жүргізу үшін тәуелсіз тартылған консультанттар ретінде дәрігерлер, эпидемиолог-дәрігерлер, мейіргерлер, фармацевтер, клиникалық фармакологтар, экономистер және медициналық статистиктер, сондай-ақ ұйым қызметкерлері қатарынан да тартылады.

Қызмет медициналық ұйымның бейініне сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының деректер жиынтығына сәйкес жіктеуіштер мен анықтамалықтарға сәйкес пациенттердің деректерін медициналық ақпараттық жүйелерге енгізудің дұрыстығын тұрақты негізде бақылау қажеттілігі енгізілді және өтініштерді қарау мерзімі белгіленді.

Қызмет комиссия құра отырып, көрсетілген медициналық көмек мәселелері бойынша пациенттердің өтініштерін қарайды. Бұл ретте өтініш он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, шағым жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032739