БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕРІ АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

БАҚЫЛАУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ТІЗІМДЕРІ АДАМНЫҢ ҚАТЫСУЫНСЫЗ ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Қазақстанда «Медициналық қызметтерді көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысының сапасы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № ҚР ДСМ – 32 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 70 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізілді. 

 Медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру шеңберінде бірлескен бұйрық бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттарымен толықтырылды.

 Осы инновациялардың және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Цифрлық үкіметті қолдау орталығымен бірлескен жұмыстың арқасында бірыңғай ақпараттық жүйеде енгізілген тәуекел дәрежесінің өлшемшарттары негізінде автоматты режимде бақылау субъектісіне (объектісіне) барып профилактикалық бақылау жүргізу тізімдері және талаптарға сәйкестігін тексеру кестесі қалыптастырылатын болады. 

Бұл шаралар мемлекеттік органдар үшін жаңа ақпараттық жүйе құру қажеттілігін жояды, бюджет қаражатының шығындарын үнемдейді. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды автоматтандыру өзгерістерді іске асыру аталған жүйе іске қосылған сәттен бастап мүмкін болады.

 Сондай-ақ, бұйрық ядролық медицина саласында көмек көрсететін медициналық ұйымдар үшін тексеру парағымен толықтырылды және онкологиялық, кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, босандыру және т. б. көрсететін ұйымдардың тексеру парақтары жетілдірілді.

 Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032633