28 МАУСЫМ – БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

28 МАУСЫМ – БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтайды. Ақпараттық соғыстар, жалған ақпарат тарату дәуірінде бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі күшейе түсті. Қоғам болып жатқан оқиғаларды объективті бағалауды мен сенімді ақпаратты бұрынғыдан да қажет етеді.

Сіздің еңбегіңіздің арқасында ел дамуына көмектесетін маңызды тақырыптар көтеріліп, талқыланады.

Президенттің пікірінше, мемлекет, медиа және қоғам арасындағы келісім Әділетті Қазақстанның берік іргетасына айналуға тиіс.

«Бұл келісім ашықтық, сенім және адалдық қағидаларына негізделуі қажет. Әр азамат, әр маман өз ісіне адал болса, қоғамның сенімі артады. Ал сенім мен адалдық – әділетті қоғамның басты құндылықтары. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық сананы жаңғыртып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруда басты рөл атқаруы қажет. Масс-медианың ақпарат кеңістігінде озық идеялар мен көзқарастарды ілгерілетуде мүмкіндігі мол. Сондықтан журналистердің қоғамда еңбек пен кәсібилік культінің орнығуына, азаматтардың бойында өз елінің тағдырына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыруға атсалысуы маңызды», – атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сізге шексіз шабыт, жаңа идеялар мен шығармашылық жобаларды сәтті жүзеге асыруды тілейміз.