ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДІ ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНІМДІ ҮШІНШІ ЕЛДЕРГЕ ЭКСПОРТТАУДЫ ЖЕҢІЛДЕТЕДІ

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі өндірістің Еуропалық Одақ ережелеріне ұқсас ЕАЭО-тың тиісті өндірістік практикасы ережелерінің талаптарына сәйкестігі сертификатының нысанын  бекітті. Жобаны қабылдау Кариб теңізі, Азия және Тынық мұхиты аймақтарының мемлекеттеріне экспортты жеңілдетеді, өйткені осы мемлекеттердің фармацевтикалық инспекторларына енді жаңа сертификаттарды қайта тексерудің қажетілігі жойылады.

Нысанды бекіту ЕАЭО мүше мемлекеттер өндірушілерінің фармацевтикалық өнімдерінің үшінші елдерге экспортын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, осылайша бұл ЕАЭО елдерінің инвестициялық тартымдылығына оң әсер тигізеді.

Айта кетейік, ҚР-да Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында отандық өндірістің үлесін фармацевтикалық нарықта 50% - ға дейін жеткізу міндетін қойды. Отандық өндірістің көлемін ұлғайту елдің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етуге және экспортты жолға қоюға бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі бизнес-ахуалды жақсарту және инвестициялар тарту мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Астана, Шымкент және Ақтөбе қалаларында фармацевтикалық кластерлер құрылды. Процестің әртүрлі кезеңдерінде келісімшарттық өндірістің инвестициялық жобалары бойынша әлемдегі ең ірі BIGPHARMA фармацевтикалық компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.

Дереккөз: https://eec.eaeunion.org/