
Бүгін бүкіл әлемде мемлекеттік қызметшілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2003 жылы 23 маусымды Мемлекеттік қызметші күнімен белгілеп, БҰҰ-на мүше елдерді осындай күнді өздеріне тағайындауға шақырды. Біздің елімізде бұл күн ҚР Президентінің 2013 жылғы Жарлығымен бекітілді.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметі тұрақты қоғамдық-саяси өмірді қалыптастырумен тікелей байланысты, сонымен қатар халықтың сұранысына бағытталған.
«Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін», - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында.
Мемлекеттік қызметші күніне орай «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасының басшысы Әсем Мергенбаева марапатталды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы А. А. Көмекбаевтың атынан «Алғыс хат» ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті талдау және мониторинг басқармасының басшысы Бағжан Мұхаметбек марапатталды.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаурра Ахметнияз Комитет қызметкерлерін еңбегі сіңген наградаларымен құттықтап, өз атынан жұмыста табыс, табандылық, кәсіби өсу тіледі.
Әріптестерімізді және барлық мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, бақыт және отбасылық амандық тілейміз!