ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ЖОЮ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАҢА РЕДАКЦИЯДА БЕКІТІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ ЖОЮ ҚАҒИДАЛАРЫ ЖАҢА РЕДАКЦИЯДА БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 бұйрығымен жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидалары жаңа редакцияда бекітілді.

Жаңа редакцияда дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоюды құрамын субъектінің басшысы бекітетін және комиссияның кемінде 3 мүшесін қамтитын тұрақты жұмыс істейтін комиссия жүзеге асырады деп атап өтілген.

300 қаптамадан (дана) асатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жоюды жүзеге асыратын ұйым арқылы жүргізіледі.

Ілеспе құжаттарға сәйкес келмейтін жарамдылық мерзімі өткен, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден, сапаны бағалаудан өтпеген, жалған, жарамсыз күйге түскен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар басқа өнімдерден оқшауланады және арнайы бөлінген сақтау орнына орналастырылады және «Тиісті шаралар қабылданғанға дейін өткізуге жатпайды» деген затбелгі тапсырылады.

Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жинақталуына қарай кемінде тоқсанына бір рет комиссияның қатысуымен есепті тоқсаннан кейін айдың 10-күнінен кешіктірмей оларды жою жүргізіледі.

Акт дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жойылған күні үш данада жасалады, оған процестің барлық қатысушылары қол қояды. Актінің бір данасын субъект оны жасаған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде сіздің аймағыңыздағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне тапсырылады.

Құжат 2023 жылдың 16 маусымында ресми түрде жарияланды. Ол ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

Сіз құжаттың толық мәтінімен сілтеме арқылы таныса аласыз:

https://zan.gov.kz/client/#!/doc/182915/kaz