
Бүгін Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Құттықтау сөзімен ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сөз сөйледі. Ведомство басшысы өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау хатын жолдағанын, онда ол барлық медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтағанын атап өтті.
Сондай-ақ, А.Ғиният дәрігерлер, ведомство қызметкерлері жұмыс істейтін табыстың және олардың кәсібилігінің арқасында елдің денсаулық сақтау саласы дамып, оның сапасы жақсарып келе жатқанына аса мән берді. Министр әріптестеріне жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шара барысында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері марапатталды.
Марапатталғандардың арасында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің қызметкерлері де болды.
«Құрмет» грамотасымен фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас сарапшысы Мәншүк Кұрманбай марапатталды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алғыс хаттарымен медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы Гүлжан Нұрланқызы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға арналған бағаларды мониторингілеу басқармасының бас сарапшысы Мөлдір Қонысбаева, медициналық қызметті профилактикалық бақылау басқармасының бас сарапшысы Самал Лепесова марапатталды.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті барлық қызметкерлерді алдағы медицина қызметкерінің күнімен шын жүректен құттықтайды! Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу және амандық тілейміз!