МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ӨТТІ

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бүгін Комитеттің аумақтық Департаменттерімен кеңес өткізілді, онда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мәселелері талқыланды.

Комитет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады. Төрағаның м.а. Лаурра Ахметнияз бүгінгі таңда 114 тармақтың 90-ы орындалғанын атап өтті, 24 тармақ орындалуда. Лаурра Ахметнияз қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің, өзінің лауазымдық міндеттерін адал орындаудың және көрсетілетін қызметті қызметалушылар үшін ашықтықты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шараларды орындау шеңберінде аумақтық Департаменттер бекітілген жоспарға сәйкес денсаулық сақтау субъектілерін тексеруге шықпас бұрын, Департаменттер басшысының орынбасарлары мен бөлімдер басшылары жетекшілік ететін қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын қатаң сақтау туралы нұсқама береді.

Сондай-ақ аумақтық Департаменттер уәкілетті органдармен бірлесіп медициналық ұйымдар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау мәселесі Комитет басшылығының тұрақты бақылауында.