
Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан донорлар күнін атап өтеді. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы белгіледі.
Жыл сайын Дүниежүзілік донорлар күні қан тапсырудың нақты аспектілеріне бағытталған ерекше тақырыпқа ие. Биылғы жылдың басты тақырыбы – «Қан және қан плазмасын тапсырыңыз, өмір сыйлаңыз және оны жиі жасаңыз».
Донорлық қан жоспарлы емдеу үшін де, шұғыл көмек көрсету үшін де құнды ресурс болып табылады. Оның арқасында қауіпті патологиясы бар науқастардың өмірі ұзарып, оның сапасы жақсарады. Донорлық қан күрделі медициналық және хирургиялық процедуралар үшін де қажет.
Жыл сайынғы мереке миллиондаған адамның өмірін құтқарған донорларға құрмет көрсету және алғыс білдіру ретінде өткізіледі.
Осы сәтті пайдалана отырып, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінің бас маманы – Майра Базылбекованы атап өткіміз келеді. Ол тұрақты қан доноры.
Майра жауапты әріптес, адамдарға көмектескенді ұнататын нағыз кәсіби маман. Донор болғаны туралы оның көмекке мұқтаж адамдарға жасай алатын ең азы деп есептейді.
2016 жылдан бастап ҚРеспубликасының денсаулық сақтау жүйесінде еңбек атқаруда. Ол Департаменттің кәсіподақ ұйымының төрағасы. Жеті жыл бойы департаменттің қоғамдық өміріне белсене қатысуда. Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына сіңірген ерекше еңбегі үшін «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетейік, қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген ересек адам донор бола алады. Процедуралар арасында 2 ай үзіліспен жылына 5 литрге дейін қан тапсыруға болады. Дәрігерлердің айтуынша 400-450 мл қан немесе 500 мл плазма тапсыру ағзаға оң әсер етеді, оны жасартуға және бауырды жеңілдетуге көмектеседі.
Жыл сайын мыңдаған қазақстандықтар қан доноры болады. 40-тан астам донация жасаған адамдар «Құрметті донор» төсбелгісімен және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің грамотасымен марапатталады. Есіңізде болсын, бір қан тапсыру процедурасы үш адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін!