ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР МЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАРДЫ КӨТЕРМЕ ЖӘНЕ БӨЛШЕК САУДАДА ӨТКІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

«Таза парақтан» реттеудің кәсіпкерлік қызметінде жаңа тәсілдерді енгізуге байланысты «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-104/2020 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Бұйрықтың тұжырымдамалық аппараты дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы мемлекеттік органға айқындама берілетін тармақшамен толықтырылды. Ол дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы салаларында басшылықты сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

Өзгерістер дәрілік заттарды сақтау және өткізу кезінде олардың қауіпсіздігін, сапасы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілуде.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 233-бабының 4 және 4-1-тармақтарына сәйкес дәрілік заттар

мен медициналық бұйымдардың келіп түсуінің алдын алу және сақтау мен өткізу кезінде олардың қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасының төмендеуіне жол бермеу мақсатында:

-  қабылдау және өткізу кезінде сапаны бақылау;

- дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау қағидалары мен

мерзімдерін сақтау, жарамдылық мерзімі шектеулі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың есебін жүргізу;

- таразы-өлшеу аспаптарының жарамдылығы мен дәлдігі;

- жазылған рецептінің дұрыстығын, оның қолданылу мерзімін, жазылған

дозалардың науқастың жасына сәйкестігін, ингредиенттердің үйлесімділігін, бір жолғы босату нормаларын тексеру;

- өнімнің сапасын бағалау жөніндегі сәйкестік сертификаттарының

қолданылу мерзімдерін есепке алуды жүргізу қамтамасыз етіледі.

Дәрілік заттарды дайындау құқығы бар дәріханаларда:

- дәріханаішілік бақылаудың барлық түрлері;

- дәрілік нысандарды дайындау технологиясын сақтау қосымша қамтамасыз

етіледі.

Өзгерістердің бір бөлігі бөлшек сауда ережелеріне де қатысты болды, олар бұрын тек көтерме саудаға қатысты болған. Енді дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу объектілеріне мыналар жатады:

- дәріхана, оның ішінде Интернет арқылы өткізуді жүзеге асыратын

дәріхана;

- медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультациялықдиагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәріхана пункті;

- ауылдық елді мекендерге арналған жылжымалы дәріхана пункті.

Бұйрықтағы тағы бір маңызды өзгерісі тұтынушыларға әсер етеді. Енді, егер сізге жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмекті немесе медициналық өнімді сатса немесе сіз оның кемшіліктерін тапсаңыз, оларды айырбастауға немесе қайтаруға болады. Сондай-ақ, жаңашылдықтар күшіне енгеннен кейін дәріханалар балаларға дәрі-дәрмектерді жібере алмайды.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжат 2023 жылдың 9 маусымында жарияланды.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
http://zan.gov.kz/client/#!/doc/182517/kaz