МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТТАРЫН БЕРЕ БАСТАДЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДАҒЫ МАМАН СЕРТИФИКАТТАРЫН БЕРЕ БАСТАДЫ

«E-license» ақпараттық порталында «Дәрілік заттар айналымы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі қолжетімді болды.

Сертификат фармацевтикалық өндіріс, дәріханалар, дәріхана қоймалары, дәріхана пункттері сияқты дәрілік заттар айналымы саласындағы денсаулық сақтау ұйымдарында жоспарлайтын және жұмыс істейтін мамандар үшін қажет.

Сертификаттаудың мақсаты денсаулық сақтау саласындағы кадр саясатын іске асыру, фармацевтикалық нарықта көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ бәсекелестік үшін жағдай жасау болып табылады.

Сертификаттау міндетті рәсім болып табылады. Маман сертификатын беруді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық Департаменттері жүзеге асыратын болады.

Сертификат алуға өтінім 5 жұмыс күні ішінде қаралады. Ол 5 жылға жарамды мерзімге беріледі. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі фармацевтикалық білімі бар қызметкерлерге «Фармация» мамандығы сертификаты бойынша «Фармациядағы менеджмент», «Клиникалық фармация», «Фармациядағы сапаны басқару» мамандандырулардын бірі беріледі. Техникалық және кәсіптік фармацевтикалық білімі бар қызметкерлер «Фармация» мамандығы бойынша сертификат ала алады (провизордың көмекшісі).

Соңғы 3 жыл және одан да көп уақыт ішінде мамандық бойынша еңбек қызметінде үзілісі бар мамандар сертификат алу үшін мәлімделген мамандық бойынша біліктілігін арттырудан (білім алушылардың білім, білік, дағды игеруі және құзыреттілігін қалыптастыру) жалпы көлемі кемінде 8 кредиттен (240 сағат) өтеді.

Сонымен қатар, соңғы 3 жыл және одан да көп уақыт ішінде мамандығы бойынша еңбек үзілісі бар мамандар кәсіби даярлықты бағалау нәтижесін қоса беруі қажет.

Өтінішті elicense.kz сай тында «Денсаулық сақтау» қойындысын таңдап, содан кейін «Дәрілік заттар айналымы саласындағы маман сертификатын беру» қызметін басу арқылы бере аласыз.

Сертификат алу үшін қажетті құжаттар тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады (№3 қосымшаны қараңыз): https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021818