
Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, Бірыңғай дистрибьютордың және ұлттық компания «Kazakh Invest» өкілдері египеттің Eipico компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.
Eipico компаниясын қатысушылар алдында оның төрағасы Ахмед Килани таныстырды. Тараптар дәрілік заттар өндірісін оқшаулау, атап айтқанда Қазақстан аумағында зауыт салу перспективаларын талқылады.
EIPICO-Египеттегі фармацевтикалық өнімдердің ең ірі өндірушісі. Компания 25 терапевтік топ бойынша 276 дәрі-дәрмек шығарады. Египеттің фармацевтикалық экспортының көшбасшысы (Египеттің фармацевтикалық өнімдерінің жалпы экспортының 21% құрайды).
Қазақстанның фармацевтикалық нарығын зерделей отырып, EIPICO өз өндірісін кеңейтуге және ҚР аумағында фармацевтикалық өнім шығару бойынша бірлескен өндірістік алаңдарды құруға қызығушылық білдірді.
Египет компаниясының өкілдері барлық қажетті рұқсат құжаттарын беру жөніндегі рәсімдік мәселелермен, сондай-ақ қолдаудың ықтимал шараларымен таныстырды.
Қазақстандық тарап әлеуетті әріптестерден елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуді және көрші елдерге экспортты жолға қоюды күтетінін атап өтті. Компанияға екі тарапқа өндіруге тиімді болатын дәрі-дәрмектердің тізімі ұсынылды.
Соңында, қатысушылар осы мәселе бойынша одан әрі жұмысты жалғастыруға және жемісті ынтымақтастық үшін барлық қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.