
Жыл басынан бері ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің медициналық қызметті талдау және мониторинг басқармасы денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, медицина қызметкерлері мен пациенттерді қолдау қызметтерінің қызметкерлері үшін еліміздің 2227 медициналық ұйымдарында медициналық қызмет сапасын басқару тетігі, аккредиттеу стандарты және т.б. мәселелері бойынша оқыту жүргізді.
Оқытуда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің, С. Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығының, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының және Аккредиттеу орталығының қызметкерлері дәріскер ретінде сөз сөйледі. Курстарда денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары талданды, медициналық қызметтердің сапасын жақсартудың жаңа стандарттары мен әдістері талқыланды. Пациенттерді қолдау қызметтерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Пациенттерді қолдау қызметі медициналық ұйымның құрамында жұмыс істейді. Оның қызметі ішкі талдау, пациенттердің өтініштерін қарау және олардың қанағаттану дәрежесін анықтау арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Пациент қызметке қанағаттанбаған жағдайда, ол пациенттің өтінішін қарайтын және қажетті шараларды қабылдайтын қолдау қызметіне жүгінуге құқылы. Республика бойынша пациенттерді қолдау қызметі 787 медициналық ұйымда бар.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының м.а. Лаурра Ахметнияз оқыту курстарының бірінде денсаулық сақтау жүйесінің барлық мамандары мен медициналық ұйымдарының сапаны үздіксіз арттыру жөніндегі жұмысқа қатысу қажеттілігі, мамандардың жұмысты жақсартудың аса маңызды мәселелері бойынша келісімге қол жеткізу маңыздылығы туралы атап өтті.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті медициналық қызметтердің сапасын арттыру бөлігінде белсенді жұмыс жүргізуде. Келесі кезең С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында «Медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтерінің жұмысын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша оқыту болды.
Комитеттің тапсырысы бойынша Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының базасында мұндай оқыту медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін тұрақты негізде жүргізілетін болады.