РЕЦЕПТ БОЙЫНША ДӘРІ ДӘРМЕКТЕРДІ QR-КОДЫ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

РЕЦЕПТ БОЙЫНША ДӘРІ ДӘРМЕКТЕРДІ QR-КОДЫ АРҚЫЛЫ АЛУҒА БОЛАДЫ

ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевтың брифингі өтті.

Вице-министр ведомстводағы атқаралып отырған цифрлық шешімдер туралы баяндады. Б. Есенбаев eGov Mobile мобильді қосымшасында халық үшін қажетті кеңейтілген ақпарат ұсынылған «eDensaulyq» сервисінің іске қосылуы туралы айтып өтті.

Атап айтқанда, QR-коды арқылы рецептілі амбулаториялық дәрі-дәрмектерді алу мүмкіндігі пайда болады. Дәрігер жазған рецепт eGov Mobile мобильді қосымшасына жүктелінеді. Емхана жанындағы дәріханаға барған кезде фармацевтке сканерлейтін QR-кодын ұсынуға болады, бұл ақпаратты қолмен енгізуден босатады. Инновация «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы іске асырылатын болады. Ол елорда ауруханаларында пилоттық режимде іске қосылды. Болашақта жүйені басқа өңірлерде енгізу жоспарлануда.

Брифингте Б. Есенбаев жүргізіліп жатқан жұмыстар денсаулық сақтаудың цифралық экожүйесін қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Олар бірыңғай ақпарат қоймасын құруға, медициналық көмектің тиімділігін жақсартуға және медицина қызметкеріне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.