
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 14 сәуірдегі №73 бұйрығымен көтерме және бөлшек саудада өткізуге арналған бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесі жаңартылды.
Бұл тізімге дәрілік заттардың 7141 атауы кірді.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ресми жариялау 2023 жылдың 21 сәуірінде өтті.
Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың шекті бағаларын және үстеме бағаларын реттеу, қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізді, онда көтерме және бөлшек саудада өткізу үшін бағалық реттеуге жататын дәрілік заттардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі критерийлер айқындалды. Бұл түзетулер дәрі-дәрмек бағасын реттеуді кезең-кезеңімен алып тастауды қарастырады.
Осылайша, Бір ХПА шеңберінде 3-тен астам дәрілік заттардың сауда атаулары бар және бір ХПА шеңберінде 3-тен астам сауда атауларын өндірушілерді мемлекеттік реттеуге байланысты көтерме және бөлшек сауда сегментінде рецептсіз сатылатын дәрілік заттарды шығару басталды.
Жаңа тізімнің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032318