Комитетке сапасыз медициналық қызмет бойынша қалай шағымдануға болады?

Комитетке сапасыз медициналық қызмет бойынша қалай шағымдануға болады?

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Кәсіпкерлік Кодекске сәйкес келіп түскен шағымдар бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізеді.

Тексерулер өтініш берушіге медициналық көмек сапасыз көрсетілген жағдайларда тағайындалады. Мысалы: дұрыс емес диагноз қойылды, дұрыс емделмеді, денсаулыққа зиян келтіретін медициналық манипуляция жасалды.

Өтініш беру үшін Сіз медициналық қызмет немесе көмек алғаныңызды дәлелдейтін растайтын құжаттарды (чек, келісім-шарт, үзінді көшірмелер) тіркеуіңіз керек.

Жалғасын карточкаларда оқыңыз