
Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығында медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары өткізіледі. Қатысушылар медициналық техниканы тиімді жоспарлау және сатып алу негіздеріне үйретілді.
Курстардың бірінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Кенжебек Тулешов баяндама жасады. Кенжебек Тулешов тыңдаушыларға ел аумағына медициналық бұйымдарды әкелудің негізгі тетіктері, осы рәсім реттелетін нормативтік-құқықтық актілер туралы айтып берді.
Өткізілген дәріс барысында К. Тулешов қызмет алушылар жиі кездесетін, өтінім беру кезінде қандай қателіктер жіберілетін проблемалық мәселелерге жеке тоқталып, оларды шешу әдістерімен бөлісті. Қатысушылармен бірге спикер медициналық бұйымдарды әкелу бойынша табысты кейстерді талдады.
Дәріс соңында спикер қатысушылардың барлық қызықты сұрақтарына жауап берді.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тиісті рұқсатсыз әкелгені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 426-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделгенін, сондай-ақ денсаулыққа зиян келтірген жағдайда қылмыстық жауаптылық пен тәркілеу көзделгені туралы еске салады.