«Qazaq Radiosy» эфирінде Қазақстанда фармацевтика саласы қалай дамитыны айтылды

«Qazaq Radiosy» эфирінде Қазақстанда фармацевтика саласы қалай дамитыны айтылды

Бүгін «Qazaq Radiosy» тікелей эфирінде Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасының сарапшысы Қанатбек Беріков және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының дәрілік заттарды сараптау департаментінің басшысы Шынар Байдуллаева отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту, дәрілік заттарды тіркеу және қауіпсіздік туралы мәселелерді талқылады.

Эфир барысында Қанатбек Беріков бүгінгі таңда Қазақстанда 7 мыңнан астам дәрілік заттар мен 11 мыңнан астам медициналық бұйымдар тіркелгенін атап өтті.

Ол сондай-ақ соңғы статистикаға сәйкес отандық өндірістегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесі 29% -ды құрағанын айтты.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай фармацевтика саласындағы отандық өнімнің үлесін 50 пайызға жеткізуді тапсырған болатын.

Осы тапсырма шеңберінде инвестициялар тарту мақсатында ТОП-50 BIGPHARMA әлемдік компанияларымен өзара іс-қимыл бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Бұл туралы және басқа мәселелер бойынша келесі сілтеме бойынша эфирдің толық шығарылымын қараңыз:
https://fb.watch/jGr1MbtePf/