ҚАЗАҚСТАНДА ЕСІРТКІНІ ҚОЛДАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БҰЗЫЛУЛАРДЫ ЕМДЕУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЕСІРТКІНІ ҚОЛДАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ БҰЗЫЛУЛАРДЫ ЕМДЕУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ САПАСЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылған есірткіні қолдану бұзылыстарын емдеу жүйелеріндегі сапаны қамтамасыз ету бойынша ұлттық тренинг өтуде.

Тренингке Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Медициналық қызметті талдау және мониторингі департаментінің басшысы Бағжан Мұхаметбек, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен оларға қарасты ұйымдардың, 20 облыстан психикалық денсаулық орталықтар өкілдері қатысуда.

БҰҰ ЕҚБ өкілдері қатысушылармен бірлесіп өзекті мәселелерді талқылады, халықаралық емдеу және сапа жүйесін қамтамасыз ету тәжірибесімен бөлісті. Тренинг негізгі мүдделі тараптардың есірткіні қолданумен байланысты бұзылуларды емдеу жөніндегі БҰҰ/ДДСҰ ЕҚБ халықаралық стандарттарына сәйкес жүйелердің сапасын қамтамасыз етудің ұлттық стандарттарын әзірлеу үшін әлеуетін арттыруға және оларды енгізу стратегиясын талқылауға бағытталған.

Қазақстанда есірткіге тәуелділікті емдеу бойынша қызметтердің сапасын қамтамасыз ету тетігін құру жөніндегі бастама 2018 жылдан бастап іске қосылды. 2019 және 2021 жылдары алты өңірлік психикалық денсаулық орталықтарының базасында басқарылатын құралдар негізінде есірткіге тәуелділікті емдеу қызметтерінің сапасына пилоттық бағалау жүргізілді. Олардың нәтижелері негізінде 2022 жылы әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, бекітілді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес ұлттық стандарттарды әзірлеу, психоактивті заттарға тәуелді адамдарды емдеу және оңалту бойынша қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен нормативтік-құқықтық базасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

«Мұндай тренингтер медициналық қызмет көрсету сапасын жан-жақты жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі жиын Қазақстан Республикасының халқына дәрі-дәрмекпен емдеу сапасын арттырудың жалпы процесінің бастапқы кезеңін құрайды», – деді Бағжан Мұхаметбек.