
Көктемнің бірінші күні біз дәстүрлі түрде Алғыс айту күнін тойлаймыз. Алғыс айту күнін атап өтіп, Қазақстан қиын кезеңдерде миллиондаған қоныс аударушыларды қабылдаған қонақжай мемлекет ретінде ашылады.
Мемлекет басшысы өзінің құттықтауында атап өткендей, бүгінде біздің елімізде бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер мен ауқымды өзгерістер жағдайында әрбір азаматтың ортақ болашаққа деген өзара қолдауы мен жауапкершілігі ерекше маңызға ие болып отыр.
Сіздерге зор денсаулық, амандық тілейміз және еліміздің денсаулық сақтау саласының сапасын жақсартудағы белсенді ұстанымыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!