Медициналық бұйымдарды ұлттық ережелер бойынша тіркеу мүмкіндігі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды

Медициналық бұйымдарды ұлттық ережелер бойынша тіркеу мүмкіндігі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды

Экономикалық одаққа қатысушы елдер ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттамаға қол қойды.

Мемлекеттер ұлттық заңдар бойынша сараптама мен тіркеу тәртібін 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Бұған дейін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық бұйымдарды тіркеу тек ЕАЭО құқығына сәйкес жүзеге асырылатын болады деп көзделген болатын.

Хаттамада белгіленген мерзімді ұзарту мүше мемлекеттерге медициналық бұйымдарды бірыңғай тіркеуге көшу үшін талап етілетін жүйені, оның ішінде клиникалық орталықтар мен сынақ зертханаларын жетілдіруге мүмкіндік береді.

2022 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі тиісті жоспарды бекітті. Жоспардың іс-шараларын іске асыру 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО қағидалары бойынша Медициналық бұйымдарды тіркеуге сөзсіз көшуді қамтамасыз етеді.

Хаттама қол қойылған күннен бастап – 2023 жылғы 13 ақпанда уақытша қолданылады және Комиссия ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

Құжаттың мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01438265/itia_13022023