
Әлеуметтік желілерде және БАҚ-да Өзбекстан Республикасында «ДОК-1 Макс» препаратының таблеткалары мен сиропын қабылдаудың ауыр зардаптары, оның ішінде 18 баланың қайтыс болуы туралы ақпарат кеңінен таралуда.
Ақпараттық порталда «Ratel.kz» жарияланған Қазақстанда «ДОК-1 Макс» препаратын сату туралы мақала шындыққа сәйкес келмейді.
«ДОК-1 МАКС» препараты Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген, тиісінше сатуға жатпайды.
Бұған дейін дәріхана желілерінің сайттарында препараттың болуы туралы ұқсас ақпарат барған болатын, алайда кәсіпкерлік субъектілері тарапынан бұл хабарламалардың жалған екендігі туралы ресми түсіндірме хаттар алынды, «ДОК-1 МАКС» сауда атауы бар препарат дәріхана желісінің қолында және сатылымында жоқ.
ҚР-дағы ірі дәріхана желілері мен дәрілік заттар дистрибьюторларының ресми деректері бойынша препарат жоқ және республика бойынша сатылмайды деп ресми мәлімдейміз.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері "ДОК-1 МАКС" препараты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы субъектілермен бірнеше рет жедел түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Республика аумағында «ДОК-1 МАКС» препараты анықталған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына №ҚР ДСМ-155/2020 сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылады.
Сонымен қатар, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және басқа да дереккөздерде таратылатын дұрыс емес мәліметтердің жолын кесу арқылы ресми ақпарат көздерін ұстануды сұраймыз.