Дәрілік заттарға құқықтарды қорғау мәселелері бойынша зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2-ші кездесуі өтті

Дәрілік заттарға құқықтарды қорғау мәселелері бойынша зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының 2-ші кездесуі өтті

2022 жылғы 12 желтоқсанда фармацевтикадағы зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші кездесуі өтті.

Кездесуге ҚР Әділет вице-министрі Ақерке Ахметова, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Кенжебек Төлешов, сондай-ақ Қазақстандағы Американдық Сауда палатасының және Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдері қатысты.

Осы отырыс шеңберінде жұмыс тобының мүшелері дәрілік заттарға зияткерлік құқықтарды қорғау және пациенттердің жаңа препараттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Қазақстандағы Американдық Сауда палатасының өкілдері зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, емдеу хаттамалары және ұлттық тіркеу, бағаны реттеу, медициналық бұйымдар мен жабдықтарды реттеу рәсімдері жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

Өз кезегінде Әділет министрлігі мен медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті айтылған ұсыныстарды зерделеу және нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы куәландырды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының келесі кездесуі 2023 жылдың қаңтарына жоспарланған.