Астанада медициналық техниканы Қазақстан аумағына әкелу мәселелері бойынша дәріс өтті

Астанада медициналық техниканы Қазақстан аумағына әкелу мәселелері бойынша дәріс өтті

Бүгін елордада медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері үшін «Қазақстан Республикасының аумағына медициналық техниканы әкелу тәртібі» тақырыбында дәріс оқылды.

Дәріс тиімді жоспарлау және медициналық техниканы сатып алу негіздеріне арналған біліктілікті арттыру курсы аясында өтті.

Бұл курсты Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамыту ұлттық ғылыми орталығы ұйымдастырды, ол ағымдағы жылдың 2 желтоқсанына дейін жалғасады.

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Кенжебек Тулешов медициналық техниканы Қазақстан аумағына әкелу қағидалары туралы баяндама жасады.

Сөз сөйлеу барысында спикер дәрілік заттар мен медициналық техниканы республика аумағына әкелу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 251-бабына сәйкес жүзеге асырылатынын айтты.

Ол сондай-ақ, егер кодекске сәйкес әкелу мақсаттарының бірі расталса, уәкілетті орган берген рұқсат беру құжатының негізінде Қазақстанда тіркелмеген медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге жол берілетінін атап өтті.

Дәріс қатысушыларына егер өнім клиникалық зерттеулер, сараптама жүргізу, тіркеуді жүзеге асыру, нақты пациенттің өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық көмек көрсету, гуманитарлық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың салдарын болдырмау немесе жою, инновациялық медициналық технологияларды енгізу, сатып алу және т. б. мақсатында әкелінсе, медициналық техниканы әкелуге рұқсат құжаты берілуі мүмкін екендігі түсіндірілді.

Дәріс соңында спикер қатысушылардың барлық қызықты сұрақтарына жауап берді.