
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Атамекен» ҚР ҰКП, бизнес-қоғамдастықтың салалық сарапшыларымен бірлесіп «Денсаулық сақтау» саласы бойынша кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру бойынша жұмысты іске асыруда.
Талқылауға жататын реттеуші актілердің алдын ала тізбесі 408 реттеуші актіден тұрады.
Қайта қарауды ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Министрліктің жұмыс тобы және 8 жұмыс кіші тобы бастады. Жұмыс тобының мүшелері үшін «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы жобалық кеңсенің басшысы мен мүшесі Г.Т. Құрбанбаева мен Г.Ш. Қуанғанованы тарта отырып, 3 оқыту семинары (мамыр, маусым) ұйымдастырылды.
Тізілімді қалыптастыру жөніндегі жұмыстың нәтижелері Ұлттық экономика министрлігіне жіберіледі және Министрліктің сайтында жарияланады.