
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин жұмыс сапарымен Алматы қаласы бойынша Комитеттің аумақтық департаментіне барды.
Жұмыс сапары аясында Б. Байсеркин департамент қызметкерлерімен кездесу өткізіп, олардың қызметімен танысты.
Кездесу барысында 2023 жылға арналған басым міндеттер талқыланды, сондай-ақ комитет төрағасы медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау қызметтерінің жұмысын күшейту маңызды екенін атап өтті. Ол пациенттерді қолдау қызметтері халыққа медициналық көмектің сапасын арттыруға және шағымдарды азайтуға бағытталғанын атап өтті. Сондай-ақ, Б.Байсеркин шағымдардың 80% - да себебі медицина қызметкерлерінің коммуникациясының жеткіліксіздігі болып табылады, бұл халықтың медициналық ұйымдарға сенімсіздігін көрсетеді.
«Қазіргі уақытта медициналық қызмет саласындағы шағын және орта бизнес субъектілеріне тексеру жүргізу тәсілдері мен қағидаттарын өзгерту бойынша жұмыстар жүргізілуде»,- деп толықтырды Бауыржан Байсеркин.
Сапар барысында Комитет басшысы күшті әсер ететін заттар тізбесіне кіретін дәрілік заттарды сатуға ерекше назар аударды және тиісті дәріхана практикасы стандартын енгізу туралы мәселені көтерді.
Кездесу соңында Комитет Төрағасы ұжымның сұрақтарына жауап берді.