ЛЯЗЯТ КАШКЫМБАЕВА ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЛЯЗЯТ КАШКЫМБАЕВА ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2022 жылғы 14 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Аппарат басшысының бұйрығымен Кашкымбаева Лязят Рсымбековна Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Лязят Кашкымбаева1962 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін және қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Жамбыл облысында № 50 дәріханада провизор-сараптаушы лауазымында бастады.

Әр жылдары провизор-технолог, бөлім меңгерушісі, тауартанушы, ветеринарлық дәріхана меңгерушісі, түрлі ұйымдарда бас маман болып жұмыс істеді.

2001–2003  жылдары «Медсервис плюс» ЖШС ШФ-ның директоры болып жұмыс істеді.

2003 жылдан бастап денсаулық сақтау жүйесінде мемлекеттік қызметте еңбек қызметін жүзеге асырды.

2020–2022  жылдары ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.