ҚЫТАЙЛЫҚ AFEI HOLDING КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚЫТАЙЛЫҚ AFEI HOLDING КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ БҰЙЫМДАР ӨНДІРІСІН ЖЕРГІЛІКТЕНДІРУДІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мен Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері қытайлық «Afei Holding Co Ltd» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Afei Holding компаниясының атынан компанияның вице-президенті Мин Буен, Африка және Таяу Шығыс департаментінің директоры Лян Жанвэй қатысты.

Кездесудің мақсаты Қазақстан аумағында медициналық өнім өндірісін жергіліктендіру перспективаларын талқылау болды.

Құттықтау сөзінде Мин Буен Afei Holding кең ауқымды өндіріспен айналысатынын және жоғары сапалы медициналық қызметтерді ұсынатынын айтты. Компанияда 4 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді, сонымен қатар Германия, Финляндия және АҚШ-да ғылыми-зерттеу институттары бар.
Қазіргі уақытта Afei Holding Қазақстанда ортопедиялық бұйымдар шығаратын зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруға мүдделі.

Холдинг өкілдерін барлық қажетті рұқсат құжаттарын беру жөніндегі рәсімдік мәселелер, сондай-ақ қолдаудың ықтимал шаралары толғандырды.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп басқармасының басшысы Айнур Кабираева Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетігі 10 жыл мерзімге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұзақ мерзімді шарттарын жасасу болып табылатынын атап өтті. Ол сондай-ақ елдің ұсынылатын өнімге деген қажеттілігін анықтау және компанияның қандай мүмкіндіктері бар екенін түсіну қажет екенін айтты.

«Ұзақ мерзімді шарт жасасу үшін тиісті конкурсқа қатысуға өтінім беру қажет. Байқау ережелері белгілі бір өлшемдерді қарастырады. Егер компания көптеген критерийлерге сәйкес келсе, онда ұзақ мерзімді шарт жасасу мүмкіндігі бар», -деді «СК-Фармация» ЖШС стратегия басқармасының бастығы Айгүл Сыздықова.    

Соңында, кездесуге қатысушылар сындарлы диалог үшін бір-біріне алғыстарын білдірді, сондай-ақ осы мәселе бойынша одан әрі жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін сендірді.