
2022 жылғы 1 қарашада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының міндетін атқарушының бұйрығымен Даулетбаев Дамир Абайдылдайұлы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.
Дамир Даулетбаев 1964 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Ақтөбе мемлекеттік медицина институты және Қонаев атындағы Университеті бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда облыстық ауруханасында бастаған. Медициналық ұйымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2016 – 2018 жылдары Алматы қаласындағы онкологиялық орталығын басқарды.
2018-2022 жылдары Алматы қаласындағы Отан соғысы мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпитальда директор болып жұмыс істеді.