
Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин «Клиникалық фармакологтар мен фармацевттердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты Қазақстанда микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі қауымдастықтың жобасын талқылау болды.
Талқылауға Қауымдастықтың вице-президенттері Лариса Макалкина мен Нұргүл Алдиярова, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас штаттан тыс клиникалық фармакологы Айнұр Ихамбаева, Комитеттің фармацевтикалық инспекторат және интеграция басқармасының басшысы Жанар Ордабекова, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы бас директорының орынбасары Баян Молдахметова, сондай-ақ Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен ұлттық орталықтың қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында Лариса Макалкина ATC/DDD әдіснамасы бойынша Қазақстанда антибиотиктерді популяциялық тұтынуды есептеу туралы мәселені қозғады, атап айтқанда Қауымдастықтың Вице-президенті объективті есептеу үшін сенімді деректер қажет екенін айтты.
ATC / DDD – бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дәрі-дәрмектерді тұтыну статистикасына негізделген салыстырмалы талдаулар жүргізу үшін ұсынған әдістеме. ATC/DDD әдістемесі дәрі-дәрмектерді ұтымды қолдануды қамтамасыз ету мақсатында оларды тұтыну бойынша зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Кеңеске қатысушылар елімізде антибиотиктердің қолжетімділігін, дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары туралы карта-хабарламаларды толтырудың тиімділігін және т. б. талқылады.
Кездесу соңында Комитет төрағасы көтерілген мәселелерді жемісті талқылағаны үшін баршаға алғысын білдіріп, Қазақстан аумағында айналыста болатын антибиотиктер туралы қажетті статистикалық деректерді ұсынуға жәрдемдесуге сендірді.