Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин жұмыс сапарымен Қостанай облысына барды

20 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары аясында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин бірқатар медициналық нысандарды аралап, жұртшылықпен кездесті, сондай-ақ Қостанай облысы бойынша Комитеттің аумақтық департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аумақтық департаменттің әріптестерімен кездесу барысында Комитет Төрағасы олардың қызметімен танысып, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Б.Байсеркин денсаулық сақтау жүйесін дамытудың, атап айтқанда медициналық қызметтердің қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған денсаулық сақтаудың медициналық және әкімшілік-басқару процестерін трансформациялау үшін цифрлық технологияларды пайдаланудың негізгі басымдықтарына ерекше назар аударды.

«Бекітілген және қолданыстағы стандарттар, диагностика мен емдеудің ережелері мен клиникалық хаттамалары шеңберінде халыққа медициналық қызмет көрсету бөлігінде бақылауды қамтамасыз ету маңызды», - деді Бауыржан Байсеркин.

Комитет Төрағасы сондай-ақ дәрі-дәрмек саясатын жетілдіру, атап айтқанда дәріханалар жоқ шалғайдағы ауылдық елді мекендерді дәрі-дәрмекпен қамтуды ұлғайту қажеттігін атап өтті.

Осы мемлекеттік саясатты іске асыру ауыл тұрғындарының дәрілік заттарға қолжетімділігін арттыруға және оларды сатып алу үшін ірі елді мекендерге бару қажеттілігіне байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Б.Байсеркин департамент қызметкерлері айтқан бірқатар бастамалар мен ұсыныстарды қолдап, Комитет өз қызметінің барлық бағыттары бойынша ашық диалог пен пікір алмасуға әрқашан дайын екенін атап өтті.