
Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин «Зерде-Фарма» ЖШС бөлшек сауда желісіндегі дәріханалардың біріне барып, дәрі-дәрмек ассортиментімен, дәрі-дәрмек бағасымен танысты, сондай-ақ халық арасында қандай дәрілік заттар жоғары сұранысқа ие екенін сұрады.
Комитет төрағасына геосаяси жағдай аясында ресейлік және украиналық өндірістің дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілуінің қазіргі жағдайы туралы хабарланды, сондай-ақ аймақта дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар, оның ішінде белгілі бір препараттардың әртүрлі аналогтары бар екендігі атап өтілді.
Дәріхана қызметкерлерімен әңгімелесу барысында Бауыржан Байсеркин халықты сапалы, қауіпсіз және тиімді препараттармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті, GxP тиісті фармацевтикалық тәжірибелерін енгізуге ерекше назар аударды.
Қызылорда облысының «Зерде-Фарма» ЖШС өңірлік директоры қазіргі уақытта желінің 3 дәріханасы GPP стандартын енгізгенін, 10 дәріханада GPP стандартына сәйкестігіне инспекциялар жүргізіліп жатқанын, ал Қызылорда облысының 6 ауданында ағымдағы жылдың соңына дейін «Zerde» дәріханалар желісін ашу жоспарланғанын атап өтті.
Жұмыс сапары барысында Комитет басшысы психотропты, күшті әсер ететін препараттарды рецепт бойынша беру мәселесіне назар аударды. Ол олардың фармакологиялық қасиеттерін ескере отырып, бұл препараттарды бекітілген ережелерге сәйкес рецепт бойынша қатаң түрде беру керектігін атап өтті.
Б. Байсеркин рецепт бойынша беру жататын дәрілік заттарды рецептсіз сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік шараларға тартылатынын деп айтты.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде шалғай ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында дәріхана пункттерін ашуды іске асыру жоспарлануда. Бұл шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге мүмкіндік береді», - деді Бауыржан Байсеркин.
Жұмыс сапарының соңында Б. Байсеркин «Зерде-фарма» ЖШС қызметкерлеріне жемісті кездесуі үшін алғыс айтып, барлық сұрақтарға жауап берді.