Шетелдіктерге Қазақстанда клиникалық практикамен айналысу құқығына маман сертификатын қалай алуға болады

Шетелдіктерге Қазақстанда клиникалық практикамен айналысу құқығына маман сертификатын қалай алуға болады

Егер сіз шетелдік болсаңыз және Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыруды, атап айтқанда клиникалық практикамен айналысуды шешсеңіз, онда осы жарияланымда тиісті сертификатты қалай алуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреміз.

Біріншіден, клиникалық практикаға жіберу үшін шетелдік маманға сертификат беру рәсімі ҚР Денсаулық сақтау министрінің 15.12.2020 жылғы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығымен регламенттелгенін атап өту қажет (http://10.61.42.188/kaz/docs/V2000021818).  

Бұл қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері көрсетеді.

Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын алу үшін «электрондық үкімет» порталы арқылы өтінім беру қажет (www.egov.kz,  www.elicense.kz).

Көрсетілетін қызметті алушылар өтінім берген кезде электрондық түрде өтініш пен мәліметтер нысанын толтыруы қажет. Өтінімге келесі құжаттарды электрондық көшірмелерде тіркеу қажет:

- шетелдік маманның жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

- білім туралы құжаттарды тану туралы құжат - ҚР ҒЖБМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК - 30 күнтізбелік күн;

- тұрғылықты елінде берілген мамандығы бойынша клиникалық практиканың жүзеге асырылғанын растайтын құжат - анықтама, еңбек кітапшасы (жұмысқа алғаш рет кіріскен тұлғалар ұсынбайды);

– өтініш берілген мамандық бойынша соңғы бес жылда біліктілігін арттыру туралы куәлік, жалпы көлемі кемінде 108 сағат не 3 жылдан астам жұмыс өтілі үзілген жағдайда 216 сағат;

- білім мен дағдыларды бағалау нәтижесі («Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» РҚБ аккредиттелген ұйымы береді (https://www.qazexam.kz/index.php/de/).

Қызмет көрсету мерзімі - 5 жұмыс күні. Қызмет тегін көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 27-бабына сәйкес маманның сертификатынсыз клиникалық практикамен айналысуға тыйым салынады.

Қосымша сұрақтар бойынша Комитеттің ресми сайтында көрсетілген байланыс нөмірлерге хабарласуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk?lang=ru