Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі шараларды атап өтті

Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі шараларды атап өтті

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жолдады.

Өз сөзінде Президент 2023 жылдан бастап еліміздің ауыл тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған ұлттық жобаны іске асыру басталатынын атап өтті.

«Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ.
Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі.
Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды.
Ұлттық жоба аясында 32 аудандық аурухана заманға сай жаңарып, енді ауданаралық көпбейінді мекемеге айналады.    
Онда инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау және оңалту бөлімдері ашылады.
Бұл төрт миллионнан астам адамға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттырады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді университеттік ауруханалар мен клиникалар құрылатынын, сондай-ақ үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70% - ға артатынын айтты.

Президент Жолдауының толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-kazakstan-halkyna-zholdauy-181416