
Бүгінгі күні ҚР дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімінде дәрілік заттардың 7,5 мыңнан астам атауы тіркелген.
Отандық дәрі-дәрмектердің үлесі - 1046 (14%), шетелдік дәрі-дәрмектердің үлесі - 6545 (86%).
Айта кету керек, Қазақстанда барлық дәрілік заттар дәріханалардың сөрелеріне шығар алдында тиімділік, қауіпсіздік және сапаға мұқият міндетті сараптамадан өтеді.
Сараптамалық органның қорытындысынан кейін ғана препарат мемлекеттік тіркеуден өтіп, сатуға жіберілуі мүмкін.
Тіркелген дәрілік заттардың барлық тізбесінің 5 743 дәрілік заты (76 %) қатаң түрде рецепт бойынша сатылады, рецептісіз дәрілік заттар – 1848 (24%).
Естеріңізге сала кетейік, рецепт бойынша босатылатын дәрілік заттарды рецептісіз өткізгені үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 426-бабына сәйкес айыппұл қарастырылған. Қайта бұзушылық үшін фармацевтикалық қызметке лицензияның және лицензияға қосымшаның қолданылуын 6 айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру көзделген.
Тіркелген дәрілік заттар туралы толық ақпаратпен сайтта танысуға болады www.ndda.kz/, сондай-ақ DariKZ мобильді қосымшасының көмегімен.