ЕАЭО шеңберінде Одақта өндіруге арналған дәрілердің тізбесін қалыптастыру жоспарлануда

ЕАЭО шеңберінде Одақта өндіруге арналған дәрілердің тізбесін қалыптастыру жоспарлануда

ЕАЭО елдерінің стратегиялық маңызды дәрілік заттармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ елдерінің бейінді ведомстволарымен бірлесіп, ЕАЭО-қа жүргізілуге тиіс дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар тізбесіне дәрілік заттарды енгізу тәртібі мен өлшемшарттарын әзірледі.

Тізбені қалыптастыру процесінде әзірленген тәртіпті пайдалану жөніндегі ұсынысты комиссия Алқасы бекітті.

Іс-шаралар жоспары дәрілердің тізбесін қалыптастыруды ғана емес, сондай-ақ вакциналардың бірлескен өндірісін ұйымдастыруды пысықтауды, дәрілік препараттар мен фармацевтикалық субстанциялар өндірісі саласындағы кооперациялық жобаларды қаржыландыру туралы ұсыныстар дайындауды, кедендік-тарифтік реттеу шараларын қолдану туралы мәселелерді пысықтауды және т. б. көздейді.

ЕАЭО мемлекеттерінің стратегиялық маңызды дәрілік препараттармен және фармацевтикалық субстанциялармен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ЕЭК COVID-19 пандемиясымен, сондай-ақ ЕАЭО дәрілік қамтамасыз етуге басқа да қатерлермен байланысты ЕАЭО елдерінде дәрілік дағдарыстың дамуына жол бермеу мақсатында әзірлегенін еске сала кетейік.

Дереккөз: eec.eaeunion.org/