Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау тарифі бекітілді

Қазақстанда дәрілік заттарды цифрлық таңбалау тарифі бекітілді

ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 498 қаулысымен дәрілік заттарды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері бір бірлігі үшін қосылған құн салығынсыз 2,40 теңге мөлшерінде айқындалды.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ресми жариялау 2022 жылғы 20 шілдеде өтті.

Құжатпен мына сілтеме бойынша танысуға болады: http://10.61.42.188/kaz/docs/P2200000498