Бауыржан Байсеркин Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді

Бауыржан Байсеркин Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин медицина жұртшылығымен, қала тұрғындарымен кездесуге қатысты, сондай-ақ Комитеттің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаментімен жұмыс кеңесін өткізді.

Департамент ұжымымен кездесу барысында Комитет төрағасы ағымдағы жылдың І жартыжылдығындағы Департаменттің қызметімен таныстырды.

Ана өлімі жағдайларына, көрсетілген медициналық көмектің сапасына және отандық фармацевтикалық өнеркәсіптің дамуына ерекше назар аударылды.

Б.Байсеркин ана мен бала денсаулығын қорғау денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, ана өлімінің көрсеткішін төмендету үшін тұтас шаралар кешенін енгізу және пайдалану және осы мәселеге әр тараптан жақындау қажеттігін айтты. Комитет төрағасы Шымкентте бала туудың жоғары деңгейі байқалатынын атап өтті. Сондықтан ана өлімі мәселесін ерекше бақылауда ұстау қажет.

Кеңес барысында Бауыржан Байсеркин медициналық ұйымдардағы пациенттерді қолдау қызметі жұмысының маңыздылығын еске салды.

«2021 жылы Комитет 4 мыңнан астам өтінішті қарады, оның 70% - ы сапасыз көрсетілген медициналық көмекке шағымданды. Бұл ретте олардың көпшілігі медициналық ұйым деңгейінде шешілуі мүмкін еді. Дәл осы себептен барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау қызметтері жұмыс істейді, олар «осында және қазір» қағидаты бойынша медициналық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл қызметтер кез келген пациентке қолжетімді болуы тиіс, бұл өз кезегінде көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», - деді Бауыржан Байсеркин.

Комитет төрағасы пациенттерді қолдау қызметін тарта отырып, МСАК бөлігінде медициналық ұйымдарға талдау жүргізуді және медициналық қызмет сапасына баға беруді тапсырды.

Сондай-ақ, Б.Байсеркин әріптестерін мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының белгіленген стандарттарын қатаң сақтауға және сыбайлас жемқорлық әрекетіне төзбеушілік танытуға шақырды.

«Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық бағыттарын түбегейлі қайта қарауға шақырды. Осы бағытта Комитет қызметінде қолданылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру қажет. Біздің қызметімізді жүзеге асыру қатаң түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс», - деп атап өтті ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы.

Кездесу соңында Бауыржан Байсеркин әріптестеріне нәтижелі кездесу үшін алғыс айтып, мемлекет пен халық арасында сенімді қарым-қатынас орнату өте маңызды екенін атап өтті.