
Бүгін Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай зерделенді және шектеу шараларына жаңа тәсілдер айтылды.
Отырыс барысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният соңғы аптада ҚР-да КВИ-дің 8 156 жағдайы тіркелгенін хабарлады. Министр өткен аптамен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3,2 есе өскенін атап өтті.
Сондай-ақ, А.Гиният КВИ аурушаңдығының артуына байланысты денсаулық сақтау жүйесінің дайындығы туралы баяндады. Қазіргі уақытта пациенттерге медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша ДСБ және өңірлердің медициналық ұйымдарының басшыларымен дайындық жұмыстары жүргізілді.
Отырыс барысында COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын бағалаудың өзектендірілген матрицасын ескере отырып, шектеу шараларының тәсілдері қайта қаралды.
Өңір жасыл аймақта болып, бірақ «R» саны жоғары болса, жабық орындар мен қоғамдық көлікте маска кию ұсынылады.
Өңір сары аймаққа ауысқан кезде:
- науқаспен байланыста болғандарды қашықтан жұмыс жасау нысанына ауыстыру;
- COVID-19 науқаспен байланыста болған кезде COVID-19-ға қарсы вакцинациялауға абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс нысанына ауыстыру;
- білім беру ұйымдарында топтарды біріктіре отырып, іс-
шараларды өткізуді болдырмау (топтарда іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі);
- объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау,
объектілерде үй-жайларды күнделікті ылғалды жинау және желдету.
- халық көп жиналатын орындарда, ұйымдасқан ұжымдарда және көліктің барлық түрлерінде медициналық бетперде кию ұсынылды.
Қызыл аймаққа өту кезіндегі шектеу шаралары «Атамекен» ҰКП-мен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен қосымша талқыланатын болады.