
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың құттықтау сөзімен ашылды.
Министр өз сөзінде медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі – денсаулық сақтау жүйесінің өркендеуі мен дамуының кепілі екенін атап өтті.
Іс-шара барысында Министр өз әріптестеріне жылы лебіздерін білдірді.
Министрдің құттықтау сөзінен кейін денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен ҚР ДСМ МФБК медициналық қызметті жоспардан тыс бақылау басқармасының бас сарапшысы Жанат Тумабекова, ҚР ДСМ МФБК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шарбану Искакова марапатталды.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ҚР ДСМ МФБК Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Алия Латыпова ие болды.
Сонымен қатар, Комитеттің басқа да қызметкерлері денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, кәсіби өсу және амандық тілейміз!
Келе жатқан медицина қызметкерлері Күнімен құттықтаймыз!