Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің өкілдерімен кездесті

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің өкілдерімен кездесті

Бүгін ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Байсеркин ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің басшысы Кэролайн Кларинвальмен кездесті.

Кездесу медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мәселелеріне арналды.

Талқылауда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова, Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және ДДСҰ-ның Қазақстандағы елдік офисінің қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында медициналық көмек көрсететін ұйымдарды лицензиялау, дәрігерлер мен орта медициналық персоналды сертификаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды, сондай-ақ медициналық ұйымдарды лицензиялаудан кейінгі бақылауды жүргізу тетіктері талқыланды.

Комитетің төрағасы Бауыржан Байсеркин атап өткендей, Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тетіктер белсенді дамуда.

Ол сондай-ақ, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында елімізде қолдану үшін бұл тетіктерді жетілдіру, сондай-ақ медициналық қателер мен инциденттерді анықтау бойынша шетелдік тәжірибені зерделеу қажет екенін айтты.

Жұмыс кездесуінің соңында тараптар қозғалған мәселелер бойынша өз ұсыныстарымен алмасты және көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын арттыру шеңберінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу бойынша одан әрі ынтымақтастық туралы уағдаласты.