Медициналық және фарматевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Айгерім Сансызбаева «Үздік жас мемлекеттік қызметші» байқауында жүлделі екінші орынға ие болды

Медициналық және фарматевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкері Айгерім Сансызбаева «Үздік жас мемлекеттік қызметші» байқауында жүлделі екінші орынға ие болды

Ағымдағы жылдың 3 маусымында Батыс Қазақстан облысының жас мемлекеттік қызметшілері арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында «Үздік жас мемлекеттік қызметші» атағы үшін конкурс өткізді.

Конкурстың мақсаты - жас мемлекеттік қызметшілерді қолдау, кәсіби біліктілігін шыңдау, мемлекеттік қызметке деген жастардың қызығушылығын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің оң имиджін қалыптастыру.

Байқауға облыстың мемлекеттік органдарынан 18 жас мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылар 5 кезең бойынша жарысты. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаментінің атынан фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің бас маманы Айгерім Сансызбаева қатысты.

Алғы видеода Айгерім Сансызбаева өзі туралы және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналысы саласындағы мемлекеттік бақылау департаментінің қызметі туралы айтып берді.

Жарыстың барлық кезеңдерінде А. Сансызбаева жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі 2 орынға ие болды.

Сонымен қатар, 2021 жылы Айгерім Сансызбаева жас мемлекеттік қызметшілер арасында оздырылған «Үздік парасатты мемлекетті қызметші» байқауының иегері атанған болатын.

Әріптесімізді жүлделі орынмен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, амандық және кәсіби өсу тілейміз!