Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және ДЗСҰО қызметкерлері сапа менеджменті жүйесін тәжірибеге енгізу бойынша ДДСҰ-ның семинарына қатысты

Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және ДЗСҰО қызметкерлері сапа менеджменті жүйесін тәжірибеге енгізу бойынша ДДСҰ-ның семинарына қатысты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы түрлі елдердің ұлттық реттеуші органдарының өкілдері үшін сапа менеджменті жүйесін (QMS) практикаға енгізу бойынша өңірлік семинар өткізді.

Қазақстанның ұлттық реттеуші органы ретінде ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің және Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының қызметкерлері қатысты.

Семинар сапа менеджменті жүйесі мәселелері бойынша ДДСҰ-ның жақында жарияланған әдістемелік құжаттарымен хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ ұлттық реттеушілердің қажеттіліктерін және QMS бойынша әдістемелік материалдарды пайдалану кезінде қолдау көрсету қажеттілігін талқылау мақсатында өткізілді.

Семинарға Албания, Армения, Қырғызстан, Молдова, Черногория, Солтүстік Македония, Тәжікстан және Түркия ұлттық реттеуші органдарының өкілдері қатысты.

Семинар барысында қатысушылар сапа менеджменті жүйесін енгізу саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасты, ұлттық реттеушінің кемелдену деңгейі туралы айтып, ұлттық реттеуіш жүйесін жетілдіру жөніндегі өз жоспарлары мен мақсаттарымен бөлісті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сапа менеджменті жүйесін тәжірибеге енгізу жөніндегі семинарының жұмысында біз басқа елдердегі әріптестерімізбен бірге ұлттық реттеуші органды ұйымдастыру және реттеуші мәнмәтінде QMS болу маңыздылығы мәселелері бойынша маңызды және өзекті міндеттерді талқыладық. Сапа менеджменті жүйесі процесті қиындатпауға, қойылған мақсатқа қол жеткізуге, қайталану, параллелизм немесе сәйкессіздік элементтеріне жол бермеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда реттеуші органның қызметі әр ел үшін қауіпсіз және гүлденген болашақты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Алынған тәжірибе отандық реттеуші органның жетілуінің үшінші деңгейіне қол жеткізу аясында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп санаймыз», - деді ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің менеджмент жүйесін дамыту жөніндегі үйлестірушісі Сәуле Демежанова.

Семинар соңында барлық қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификаттар берілді.