2022 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда COVID-19 ревакцинациясы туралы жаңа қаулы күшіне енеді

2022 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстанда COVID-19 ревакцинациясы туралы жаңа қаулы күшіне енеді

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері 2022 жылғы 23 мамырдағы № 25 Қазақстан Республикасында халықтың коронавирустық инфекциясына қарсы профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу алгоритміне өзгерістер енгізу туралы жаңа қаулыға қол қойды.

Жаңа қаулыға сәйкес Қазақстанның аумағында 3 және одан да көп ай тұратын шетел азаматтарын қоса алғанда, барлық адамдар коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинацияға жатады.

КВИ-ге қарсы ревакцинация КВИ-ге қарсы алдыңғы профилактикалық екпеден кейін 6 ай аралықпен КВИ-ге қарсы вакцинацияның толық курсын және бұрын  бірінші ревакцинацияны алған адамдарға жүргізіледі.

КВИ-ді жұқтыру қаупі жоғары (басымдылығы бойынша) мына адамдар КВИ-ге қарсы қайта ревакцинациялауға жатады:

- медицина  қызметкерлері;

- медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен персоналы;

- күш құрылымдарының қызметкерлері;

- педагогтар;

- пенитенциарлық (қылмыстық-атқару) жүйе мекемелерінің контингенті;

- 50 жастан асқан адамдар.

Осы қаулы 2022 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді.