Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № ҚР ДСМ-41 бұйрығымен тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекциялар жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді.

Қағидаларда тиісті фармацевтикалық практикалар жөніндегі фармацевтикалық инспекцияларды жүргізуді өзектендіретін өзгерістер көзделген, тиісті өндірістік практикаға (GMP) және тиісті дистрибьюторлық практикаға (GDP) сәйкестікке сертификаттар беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі нормалар келтірілген, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдар ескерілген.

Дәрілік заттар айналымы саласындағы тиісті фармацевтикалық практикалардың талаптарына сәйкестігіне инспекция жүргізу үшін инспекциялау субъектісі ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қағаз түрінде өтініш пен тиісті құжаттарды береді

Өтініш беруші инспекциялау рәсімінен өткеннен кейін GMP және GDP сертификаттарын алу үшін түзету және алдын алу іс-қимылдары жоспарының бағалау есебін және оның орындалуы туралы есепті алып, «Электрондық үкімет» (www.egov.kz, www.elicense.kz) веб-порталы арқылы белгіленген нысан бойынша осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес электрондық түрде өтінім береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін және өзге де мәліметтерді қамтитын өтінімді қабылдаудан бас тарту осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес «Тиісті фармацевтикалық практикалардың сәйкестігіне сертификаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша танысуға болады:
http://10.61.42.188/kaz/docs/V2200027946