
Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Қазақстан халқының бірлігі Мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл шуақты мамыр күні біздің еліміз үшін достықтың, бірлік пен келісімнің бейнесі болып табылады.
Қазақстанда 120-дан астам ұлт пен ұлыс өмір сүреді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, ортақ мұраттар мен құндылықтар біріктіріліп, біз барлық қиындықтар мен жаһандық сын-қатерлерді сенімді түрде еңсереміз.
«Бүгінгі таңда жаңа Қазақстан идеясы қоғамды біріктірудің қуатты факторы болып табылады. Ол барлық азаматтардың шығармашылық энергиясына сүйенеді. Еліміздің жан-жақты жаңаруына әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Баршаңызға бейбітшілік, зор денсаулық және елімізге гүлдену тілейміз!