
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында медициналық қызмет көрсетуге мәселелері қатысты халықпен кері байланыс орнату бойынша қабылданып жатқан шараларға арналған брифинг өтті.
Баспасөз конференциясына ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Лаура Ахметниязова, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Күләім Біржанова, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ медициналық көмектің сапасын мониторингілеу департаментінің директоры Ләззат Шоманова, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің түрлі құрылымдық бөлімшелерінің басқа да өкілдері қатысты.
Сөз сөйлеу барысында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қазақстанда елдің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған тетіктер енгізілгенін және белсенді дамып келе жатқанын атап өтті.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттары бойынша 40-тан астам стандартты әзірледі, олар үнемі жетілдіріліп, жаңартылып отырады.
2009 жылы медициналық ұйымдарды ұлттық аккредиттеу жүйесі енгізілді. Медицинадағы аккредиттеу - бұл медициналық қызмет көрсетудің тиісті деңгейі үшін жағдайлардың болуын ресми растау, бәсекеге қабілеттілікті сақтаудың кепілі.
Бұдан басқа, 2012 жылы қазақстандық аккредиттеу стандарттары ISQua (халықаралық қоғамдастықтың Денсаулық сақтау сапасы жөніндегі Атқарушы комитеті) денсаулық сақтаудағы қауіпсіздік пен сапаның халықаралық қағидаттарына сәйкес келеді деп танылды.
«Барлық медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметтері ұйымдастырылған, олар медициналық қызметтерді тұтынушылардың мәселелерін «осында және қазір» қағидаты бойынша шешуге бағытталған. Бұл қызметтердің жұмысы дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өтініштер саны айтарлықтай азаяды», - деді Лаура Ахметниязова.
Брифинг барысында спикерлер журналистердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру механизмдеріне қатысты сұрақтарына да жауап берді.