
Бүгін жұмыс сапары аясында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасы Бауыржан Байсеркин, сондай-ақ ведомствоның басқа да өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына барды.
Министр жұмыс сапарын Қызылжар ауданының Знаменское ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барудан бастады, ол күніне 4 кереуетке, 17 келушіге есептелген, онда бүгінгі күні 2 ЖПД дәрігері, 5 орта буын маманы және 2 кіші буын қызметкері қабылдайды.
Сапар барысында министр медицина қызметкерлерімен әңгімелесті, олардың еңбек жағдайлары, жалақысы ақылы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Төрағасы өңірде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ісінің қалай жүріп жатқанын тексерді.
Ажар Ғиният пен Бауыржан Байсеркин облыс орталығындағы әлеуметтік дәріханаға және «Аманат» компаниясының ірі дәрілік препараттар қоймасына барды.
Фармкомпанияның басшысы атап өткендей, қоймада 6 мыңнан астам дәрілік заттардың жеткілікті қоры сақталған, облыста тапшылық байқалмайды. Ол сондай-ақ дәрі-дәрмектерді елден тыс жерлерге жаппай сатып алу және қайта экспорттау проблемалары жоқ екенін атап өтті.
Жұмыс сапары барысында Б.Байсеркин Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Солтүстік қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Төраға еңбек жағдайлары, ағымдағы жылға арналған жоспарлар туралы сұрап, әріптестерінің барлық толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Кездесу соңында Комитет Төрағасы біздің азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында көрсетілген медициналық қызметтер сапасының деңгейін арттыру, сондай-ақ әлемдік аренада туындаған жаңа жағдайларды ескере отырып, дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Жұмыс сапары аясында Министрлік басшылығы Солтүстік Қазақстан облысының азаматтарын жеке қабылдады, онда сұрақтар тыңдалып, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

