
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында «сары» және «жасыл» эпидемиологиялық қатер аймақтарында орналасқан өңірлердегі барлық объектілерде кейбір шектеу шараларын алып тастау туралы шешім қабылданды.
Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды және тұтастай алғанда елдің және барлық өңірлердің «жасыл» аймақта болуын ескере отырып, ВАК мынадай шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады:
- Ashyq мобильді қосымшасын міндетті түрде қолдану;
- әлеуметтік қашықтықты сақтау туралы талап;
- міндетті термометрия туралы талап;
- эпидемиологиялық қауіп-қатердің барлық аймақтарында ашық ауада маскаларды міндетті түрде кию;
- COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған қызметкерлер үшін күндізгі режимде жұмысқа рұқсат беруді шектеу (қызмет көрсету саласының объектілері) алынып тасталды;
- вахталық әдіспен жұмыс істейтін ұйымдардың қызметкерлері үшін вахтаға кіру және шығу кезінде ПТР әдісімен міндетті зертханалық тестілеуден өту тәртібі күшін жойды.